Жариялау ережелері

15.04.2024

Мақалада ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен этикалық нормалардың сақталуына авторлардың жеке жауапкершілігіне қарамастан, журнал редакторлары әдепсіз мінез-құлық, плагиат, өзін-өзі плагиат, авторлардың дәйексөздері және мүдделер қақтығысын, шектен тыс өзін-өзі дәріптеу белгілерін қолжазбаларда анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды.

Егер мақаланы жазу кезінде жариялау және/немесе ғылыми этика қағидалары бұзылса, журнал редакторы редакция алқасының шешімі негізінде жарияланымнан бас тартуға міндетті. Мақалаларды автор(лар) немесе журналдың редакторлары кері қайтарып алуы мүмкін.

«Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының хабаршысы» журналының редакциялық алқасының мүшелері тағайындалған рецензенттерді қоспағанда, оны жариялау алдында қарауға қабылданған қолжазба туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпейді. Сондай-ақ, редакторлар рецензенттер туралы ақпаратты авторларға және басқа адамдарға ашпайды.

Автор(лар) қолжазбада ұсынылған зерттеу нәтижелері түпнұсқалық өзіндік жұмыс болып табылатынына және плагиатты тексеру жүйесі арқылы қолжазбаны тексеру процесінде анықталуы мүмкін қате алымдар мен плагиаттың болмауына кепілдік береді.